• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Желтоқсан, 2019

Өскеменде Оралхан Бөкейдің әдеби залы ашылады

322 рет
көрсетілді

«BOKEY.KZ» сайты таныстырылады.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталық кітапханада қазақтың көрнекті жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Оралхан Бөкейдің әдеби залының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. «Шараға зиялы қауым өкілдері, әдеби залды керек-жарақтармен жабдықтауға көмектескен жоба демеушілері қатысады. Шара барысында О.Бөкейдің қолжазбалары, болгар, эстон, ағылшын, қырғыз, неміс, жапон, француз, сондай-ақ басқа да шетел тілдеріне аударылған кітаптары және суретшілер Б.Урманче мен Б.Исиннің туындылары қойылған «BOKEY.KZ» сайты таныстырылады. Ресей жазушысы, аудармашы А.Ким жолдаған бейнеқұттықтау көпшілік назарына ұсынылады. Жазушының шығармашылығы,  дара дарыны, адамгершілік болмысы хақында туған-туыстары және жоғары оқу орындарының оқытушылары, мектеп ұстаздары  әңгімелейді. Естеліктер мен ой-пікірлерден кейін қонақтар «Еске алыңдар, сол қалпымда мені...» атты кітап көрмесімен, фотосуреттермен танысады» делінген кітапхана таратқан мәліметте.

 ӨСКЕМЕН