• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Желтоқсан, 2019

Алматылық «Еңбек ардагері» Людмила Коваль 100 жасқа толды

172 рет
көрсетілді

Қазақстанға 1961 жылы Қазақстанға жолдамамен келген кейуана «Биокомбинатта» ұзақ жылдар бойы микробиолог болып істеген. Батыл, ержүрек ананы құттықтауға Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов келді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.   

Бір ғасыр жасаған кейуана мерейтойын ұл-қыз, немере, шөберелерімен бірге тойлады. Аудан атынан әжейге сыйлықтар жасалып, құрмет көрсетілді. Людмила Коваль өз кезегінде ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті.

Людмила Коваль 1919 жылы Саратовта дүниеге келген. 1961 жылы Қазақстанға жолдамамен келіп, «Биокомбинатта» ұзақ жылдар бойы микробиолог болып істеген. Содан зейнетке шығып, ұл-қыз, немерелерінің қызығын көріп отыр.

«Бұл кісі бүгін аттай 100 жасқа толып отыр. Ғасырдың құрдасы. Қазір ұл-қыздарының, немере-шөберелерінің, неменелерінің қолынан су ішіп отыр. Бұл кісі бақытты адам. Осындай қарияларымыз аман болсын», - деді Алматы қаласы Бостандық ауданының Ардагерлер және зейнеткерлер кеңесінің төрағасы Хамит Біржанов.

 

 

АЛМАТЫ