Облыстың сот орындаушылары өткен он айда аралығында 20 мың алимент берешегі бойынша іспен айналысқан.
Қазір оның 16 мыңы өндірісте тұрса, 3 мың іс өзара келісім негізінде тоқтатылған екен. Ал алимент төлемеген 1000 адамның жалпы қарызы 800 млн теңгеден асып отыр.
- Бүгінде алимент бойынша 211 борышкер әкімшілік жауапқа тартылды, оның ішінде жүз жетпіс сегіз адам 1 күннен 5 күнге дейін қамауға алынды. Ал 4 борышкер қылмыстық іске тартылып, 1 жылға дейін бас бостандықтарына шектеу қойылды. 188 борышкердің жеке куәліктерінің қолданысы тоқтатылды. 266 борышкерге іздеу жарияланды. Мемлекеттен шығуға 3,5 мың борышкерлерге шектеу қойылды. 427 борышкердін мүлкіне тиым салынып, 21 борышкердің мүлкі бағаланып сатылды, - дейді Алматы облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысының орынбасары Мұхтар Байқұлов.
Алматы облысы