• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Желтоқсан, 2019

Алматыда «Urban Conference» өтіп жатыр

174 рет
көрсетілді

«Kazakhstan Growth Forum» директоры Елдар Абдразақов конференцияның урбанизацияға арналғанын айтты. Урбанизация – ел экономикасы дамуының драйвері бола отырып, екінші жағынан көптеген мәселелердің қайнар көзі болуы да мүмкін. Экономиканың дамуы урбанизацияға, цифрландыруға және жалпы қолданыстағы экономика секілді үш трендке байланысты. 

Спикерлердің айтуынша, Алматының өзіндік басты мәселелері бар. Олар экология, транспорт және қауіпсіздік. Алға қойылған міндет – сарапшыларды, қоғам қайраткерлері мен белсенділерін осыған жұмылдыру. 

«Urban Conference-те ортаға салып, шешімін бірге табуға шақырғымыз келетін тағы да бірқатар мәселелер бар», – деді Елдар Абдразақов.

Kazakhstan Urban Conference ұйымдастыру комитетінің мүшесі Арташес Григорян форумның күн тәртібіне тоқталып, онда жиналған қауым Үлкен Алматы 5 миллион тұрғыны бар метроаймақ болуға дайын ба деген мәселені талқылайтынын айтты. Сондай-ақ марапаттауға лайық 3 үздік әлеуметтік жобаның іріктеліп алынатынын мәлімдеді.

«Шараның ең маңызды тұсы –  Бақытжан Сағынтаевтың баяндамасы болмақ, себебі Алматы әкімі өз баяндамасында «Алматы-2050» даму стратегиясының соңғы нұсқасын ұсынады»,– деді Kazakhstan Urban Conference ұйымдастыру комитетінің мүшесі Арташес Григорян.

 

 

АЛМАТЫ