• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Желтоқсан, 2019

Цифрлы қоғамның қаламгерлерінің атына ашылған веб-сайттың сертификаты табыс етілді

466 рет
көрсетілді

Алматы қаласында «Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақстан» бағдарламалары аясында және Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға атсалысу Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының бастамасымен «Smart qalamger» жобасы екінші жарты жылдық басында қолға алынған болатын.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болып табылатын әрбір қаламгердің веб-сайттарын тегін жасап беру және оларға техникалық қолдау  көрсету, қаламгерлердің шығармаларын бір жерге жинақтап, олардың біртекті электронды базасын құруды мақсат ететін жобада Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының мұрағатын пайдалана отырып, қаламгерлердің толық библиографиялық анықтамалығын жасау, олардың оқырманмен және шет елдік жазушылармен байланысын дамыту жұмыстары жолға қойылуда.

Жобаның алғашқы тұсаукесері Нұр-Сұлтан қаласында өтіп, онда елордалық және Ақмола облысы бойынша Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болып табылатын 140 қаламгерге веб-сайт сертификаттары табысталған болатын. 9 желтоқсан күні Алматыда жалғасын тапқан осы шара аясында Қазақстан Жазушылар одағының 85 жылдығына орай өткен салтанатты кеште  Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы әр қаламгердің жеке атына ашылған веб-сайттың сертификатын табыс етті.