• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Желтоқсан, 2019

Алматыда «Латын графикасына көшудің стратегиясы, ұлт болашағы» тақырыбында семинар өтті

388 рет
көрсетілді

Бостандық ауданының әкімдігі Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің және  Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы жанындағы лицейдің  ұйымдастыруымен ҚазБСҚА-ның ғылыми кеңес залында «Латын графикасына көшудің стратегиясы, ұлт болашағы» атты семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңесті алғы сөзімен ашқан ҚазБСҚА жанындағы лицейдің директоры Жанар  Адилова семинардың барысымен таныстырып өтті. Алғашқы сөзді алған ҚазБСҚА ректоры Ерік Бесимбаев семинардың мақсаты - Елбасының халыққа жолдауындағы қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тілі ретінде қалыптасу бағытындағы жұмыстардың бір саласы қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру үдерісіндегі жастардың алатын орны мен атқаратын рөлін анықтап, жастарға артылатын міндеттерді белгілеу әрі насихаттау екендігіне тоқталып өтті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының бүгініміз бен болашақ үшін берері мол. «Рухани жаңғыру» аясындағы тілдік реформа Жаңғырудың жаңа кезеңін бастады.Тілдік реформа жаһандану кезеңінде ұлттық болмысымызды сақтап қалу, жаңа дәуірдің қажеттіліктеріне орай тілді бейімдеу мақсатымен сабақтасып жатыр. 

Семинар-кеңесте сөз алған қалалық, аудандық тілдерді дамыту бөлімінің мамандары латын графикасына ауысудың мән-маңызын түсіндірсе, «Жаңа емлені оқыту әдістемесі» бойынша тренерлер латын графикасын қабылдау бойынша мемлекетте атқарылған жұмыстарға тоқталды, әліпбидің соңғы нұсқасына енгізілген өзгерістерді атап көрсетті.

Семинар-кеңеске ҚазБСҚА ИҚБИ директоры Б.Абилова, Мемлекеттік тілді дамыту институтының басшысы, филология ғылымының кандидаты Б.Қапалбек, Алматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының бас инспекторы  Б.Қалымбет, Бостандық ауданы әкімі аппаратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы  Б.Қуанышев, Stydi-in халықаралық білім беру холдингі, қазақ тілі бөлімінің жетекшісі Ә.Сабырова, ҚазБСҚА жанындағы лицейдің оқытушысы Н.Сафуллина, Алматы технологиялық унивеситетінің оқытушысы А.Абдықадырова,  сондай-ақ бірнеше жоғары және арнаулы орта оқу орындарының ұстаздары мен студенттері қатысты.

Семинарға қатысушы қонақтар Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының ғимаратымен және факультеттер, дәрісханалармен танысты. Семинар соңында студенттер латын қарпімен тапсырмалар орындады. Іс-шараның қатысушылары, латын графикасына көшудің маңыздылығы және қажеттілігі жөнінде сөз қозғап, пікір алмасты.