• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 13 Желтоқсан, 2019

«Алтын тобылғы» иегерлері анықталды

708 рет
көрсетілді

«Алтын тобылғы» байқауы биыл бе­сінші рет өткізіліп отыр. Тұңғыш Президент – Ел­ба­сының Қоры ұйым­дас­тыратын бұл бай­қауда негізінен 18 бен 35 жас ара­лы­ғындағы жас ақын-жазушылар бақ сынайды.

Жобаның негізгі мақсаты – жаңа заман әдебиетіне көп­шіліктің қызығушылығын арттыру әрі жастардың шығар­ма­шылығының шыңдалуына жол ашу.

Байқауға жас ақын-жазу­шылар тарапынан қызығу­шылықтың артып келе жатқанын жыл сайы­н талапкерлердің көбеюінен де бай­қауға болатындай. Мысалы, 2015 жылы 120 жұмыс тапсырылса, биыл 170 шығарма ұсынылыпты. Үздік шығармалар «Жылдың үздік прозасы», «Жылдың үздік поэзиясы», «Жылдың үздік драматургиясы», «Жылдың үздік балаларға арналған шығармасы» және Жастар жылына арнайы жүлде – «Ұлы даланың жасампаз ұрпағы» аталымдары бойынша анықталған.

Марапаттау рәсімінде сөз ал­ған Тұңғыш Президент –Елбасы Қорының ат­қарушы директоры Әсет Исе­кешев қа­зылар алқасының құрамында елі­мізге белгілі мәдени қайрат­керлері, жазушылар мен журналистер болғанын, олар шығар­маларды бағалау барысында бір­неше критерийге сүйенгенін айтып өтті. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы да­ланың жеті қыры» мақа­лала­рын­да руханиятқа көп көңіл бөл­ді. Бүгінде елімізде дарынды жастарға қолдау мықты. Елбасы Қоры қашанда шығармашыл жастарға қолдау білдіріп, түрлі бай­қаулар өткізуде. Алдағы уа­қытта да бұл жұмысты жал­ғас­тырады. Қазақ көркем сөз өне­рінің шеберлері көбейе берсін» деді Ә.Исекешев.

Сонымен үздік шығарма­лардың авторларын Ә.Исекешев бастап, Парламент депутаттары, қоғам, мәдениет және өнер қайраткерлері марапаттады.

«Алтын тобылғы» бай­қауы­ның қорытындысы бойынша «Жылдың үздік прозасы» аталымында Досхан Жылқыбай, Қанат Әбілқайыр қатарлы жас жазушылар топ жарды. «Жылдың балаларға арналған үздік шығар­масы» бойынша Мирас Асан, Асылан Тілегенов және Марат Сейіл­хановтар жүлдеге ие бол­ды. Жоғарыда аты аталған же­ңімпаздардың әрқайсысы 1 миллион теңгенің сертификаттарын алды. Жүлде қоры 2 миллион теңгелік «Жылдың үздік поэзия­сы» және «Жылдың үздік драмасы» аталымдарының сертификаттарын Бекзат Смадияров пен Аршын Нұрбақыт иеленді. Ал Жастар жылына арнайы та­ғайындалған «Ұлы даланың жасампаз ұрпағы» аталымының бәйгесін Нұртас Тұрғанбек же­ңіп алды. Оған 3 миллион теңгенің сертификаты тапс­ы­рылды.