• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Желтоқсан, 2019

Тәуелсіздік күніне орай күй тартылып, жыр маржаны төгілді

439 рет
көрсетілді

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігі мен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік таңы» мерекелік концерті өтті.

Дәстүрлі өнерді дамыту мақсатында құрылған Алматыдағы «Алатау» театры өнер майталмандарына жиі сахналық кештер өткізуге мүмкіндік беретін, қазақтың ән өнері бойынша курстар ұйымдастыруды жолға қойған мәдени орталық.

Тәуелсіз қазақ елінің осы күнге дейін жеткен жетістіктерін сахна төрінде әсем ән, күмбірлеген күй және жыр маржанымен ұлықтап, дәріптеуді мақсат ете отырып өткізген концертте Ардагерлер хоры, Сұлушаш Нұрмағамбетова, Талғат Жорабаев, Ерлан Орынбасаров, Баян Нұрмышева және театр әншілері Алма Аманжолова, Бибігүл Қилымхан, Шаттық Уатқан, Әсет Есжан, Владимир Умеров, Жанар Бектұрғанова, Әлім Меңдібаев, Лаура Королева, сонымен қатар, «Алатау» фольклорлық-этнографиялық ансамблі мен бишілері, «Үшқоңыр» тобы және «Алатау серілері» Тәуелсіздік мерекесіне арнап өз өнерлерін көрсетті.

                                                                                            

АЛМАТЫ