• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Желтоқсан, 2019

Жас отбасылар баспаналы болды

176 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында Сырдария өзенінің сол жағалауында салынып жатқан тұрғын үйлердің төртеуі пайдалануға берілді. «Нұрлы-Жер» бағдарламасы аясында салынған баспана кілттерін табыстау салтанатына облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов қатысты.

Соңғы жылдары Қызылорда қаласында 15 жаңа шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңнан астам адам баспаналы болды. Биылдың өзінде 1000 жуық пәтердің кілті табысталыпты. Тұрғын үйлердің жалпы ауданы - 10 мың 900 шаршы метр. Облыста салынып жатқан құрылыстың 31,4 пайызы - Қызылорда қаласының үлесінде.

Қазір қаланың сол жағалауында республикалық, облыстық бюджеттерден 820 пәтерлік 16 көпқабатты арендалық тұрғын үй мен 830 пәтерлік 17 көпқабатты кредиттік тұрғын үй құрылыстары жүргізілуде. Қаржыландырудың барлық көздері есебінен осыған дейін жалпы ауданы 381 мың 308 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.  

Салтанатты шарада облыс әкімі Қ.Ысқақов жаңа баспана иелерін құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

- Сол жағалауда жаңа қала салу бастамасын қолдаған құрылыс компанияларына тұрғындар атынан алғысымды айтамын. Құрметті жерлестер, қоныс тойларыңыз құтты болсын! Қуаныштарыңыз көбейе берсін,- деді аймақ басшысы.

Жаңа үйден пәтер алғандардың көпшілігі жас отбасылар. Олардың ішінде дәрігерлер мен ұстаздар, құқық қорғау саласының қызметкерлері бар.