• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Футбол 13 Желтоқсан, 2019

Футбол: Еуропа лигасының плей-офф додасына шыққандар анықталды

111 рет
көрсетілді

Футболдан УЕФА Еуропа лигасының плей-офф додасына шыққан барлық 16 команда белгілі.

Испанияның «Севилья» мен «Эспаноль», Швецияның «Мальме», Швейцарияның «Базель», Австрияның ЛАСК, Шотландияның «Селтик», Англияның «Арсенал» мен «Манчестер Юнайтед», Португалияның «Порту» мен «Брага», Бельгияның «Генк» және Түркияның «Инстанбул Башакшехир» клубтары өз топтарында көш бастап, 1/16 финалға жолдама алды.

Сол секілді Кипрдың АПОЭЛ, Данияның «Копенгаген», Испанияның «Хетафе», Португалияның «Спортинг», Румынияның ЧФР, Германияның «Айнтрахт» пен «Вольфсбург», Шотландияның «Рейнджерс», Болгарияның «Лудогорец», Италияның «Рома», Англияның «Вулверхэмптон» және Голландияның «АЗ Алкмар» клубтары екінші орынды иеленіп, дәл сондай мүмкіндікке ие болды.

УЕФА Чемпиондар лигасында ұшінші орын алған командалардың Еуропа лигасында ойнайтыны белгілі. Бұл жолы жоғарыда аталған командалар қатарына Бельгияның «Брюгге», Грекияның «Олимпиакос», Украинаның «Шахтер Донецк», Германияның «Байер», Австрияның «Зальцбург», Италияның «Интер», Португалияның «Бенфика» және Голландияның «Аякс» клубтары қосылды.