• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Желтоқсан, 2019

Демалыс және мереке күндері ауа райы қандай болады

343 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 14-17 желтоқсан күндеріне ауа райы болжамын ұсынды.

«Республикамыздың солтүстік облыстарында қардың жаууы мен температураның төмендеуіне ықпал еткен арктикалық суық фронт оңтүстік, орталық және шығыс өңірлер арқылы Алтайға жылжиды. Кейін антициклонға байланысты Қазақстанның қалған аймақтарында да температура төмендейді. Бірақ ол ұзаққа созылмайды. 16 желтоқсанда Ресейдің Еуропалық бөлігінен республиканың батыс облыстарына кезекті атмосфералық фронттар жылжып, жауын-шашын түседі және ауа температурасы жоғарылайды» делінген хабарламада.

Республиканың көптеген өңіріндегі тұман мен көктайғақ 14-17 желтоқсан аралығында да болжанады.