• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Желтоқсан, 2019

Бағындырған белестер байыпталды

262 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының ең үлкен сахнасы – Н.Погодин атындағы театрда Қазақстан Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған салтанатты жиын болды.

Онда облыс әкімі Құмар Ақсақалов баяндама жасап, өңірдің 28 жылда қол жет­кізген жетістіктерін сара­ла­ды. Бүгінгі Қазақстан әлем таныған байыпты, тұ­рақ­ты мем­­лекет. Ол эконо­ми­касы тұ­рақ­ты ел ғана емес, өнер­ден, мә­дениеттен, спорт­тан әлем­нің алдына шық­қан са­ламатты ел. Кеше ға­­на Димаш Құдайберген Аме­­­ри­каны «бағындырса», осын­­­­дай табыстарға сол­түс­тікқазақстандықтар да өзі­нің үлесін қосып келеді. А.Ви­нокуров, Ж.Жақиянов спорттан әлемдік табыстарға қол жет­кізсе, Самал Есләмова КСРО-ның бірде-бір әртісі ала алмаған биікті бағындырып, дүниежүзілік ең беделді Канн кинофестивалінде «Ең үздік әйел рөлі аталымына» ие болды.

Сонымен қатар баяндамада Солтүстік Қазақстанның эко­­но­миканың, халықты әлеу­мет­­­­тік қорғаудың барлық салалары бойынша биік белестерді бағындырып келе жатқаны айтылды. «Қазақстанның 30 жылдағы экономикалық дамуын саралап отырып, ауқымды жұмыстардың атқарылғанын көруге болады. Осыны сақтап, еселеу бізге аманат. 1991 жылдан бері астық көлемі 2 есеге ұлғайды. Тәуелсіздік жылдары облыста 3 миллион шаршы метрден астам бас­пана берілді. Өңірді дамытуға арналған жос­­пар да өз жемісін беруде»,  де­ді Құмар Ақсақалов. Бүгінгі та­быстардың қатарында әкім би­ыл облыстың бес миллион тоннадан артық астық жина­ғанын ауызға алды. Сонымен қатар облыста дәрігерлік ке­шеннің салынуы қолға алын­ғанын, «Қызылжар» еркін эконо­микалық аймағы ашыл­ғанын атап өтті.

Баяндамадан соң әкім елдің экономикалық жә­не әлеу­меттік дамуына белсен­ділікпен үлес қосқан бір топ аза­матқа Президент Қ.То­қаев­тың Жарлығымен берілген орден-медальдарды және Құр­метті атақтарды табыс етті.