• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Руханият 16 Желтоқсан, 2019

Зергерлік бұйым жасаудың технологиясын студенттерге зергер маман түсіндірді

1743 рет
көрсетілді

Тамыры тереңге кететін қазақтың зергерлік өнерін насихаттау мен ата-бабадан қалған асыл мұра – ұлттық қолөнеріне деген қызығушылық ғасырдан-ғасырға жалғасып келеді. Ұлттық болмысымызды айқындайтын, қазақ даласында атадан балаға мирас болып келе жатқан қолөнер - зергерлік өнері замануи қоғамда да кәсіби сипат алып, өндіріс алаңдарына айналған. Қазақтың зергерлік өнерін насихаттау мен жастарға үйрету мақсатында Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінде арнайы пәндер онкүндігі аясында «Зергерлік бұйым жасау» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.

Болашақ жас шеберлер зергермен кездесіп, зергерліктің көне өнер екеніне, үлкен шыдамдылықты талап ететін мамандық туралы кеңінен ақпарат алды. Зергердің өнерін бағалауға тәрбиелеуді мақсат еткен шеберлік сағаты студенттерді қазақтың зергерлік бұйымдарын таныстырудан басталды.

Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуге, күмістің емдік қасиетін, күміске байланысты халықтық ырымдарды білуге тәрбиелеуге негізделген мәліметтерге қатысты дәріс оқыған зергер-шебер Айбек Мұқанов зергерлік бұйымдарды пайдалану мәдениетін меңгеру, қазақ өнерінің тарихында зергерлік бұйымдардың алатын орны, әрбір бұйымға пайдаланылатын шикізат түрлеріне, оны өңдеу, құрастырудағы ерекшеліктері туралы кеңінен түсінік берді.

АЛМАТЫ