Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының ұйымдастыруымен «Жаңа толқын жобалары» атты әлеуметтік жобалар байқауы болып өтті.
Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары қатысқан байқау мақсаты өңірдегі жастар саясатын дамытуға бағытталған жаңа идеялар мен жобаларды қолдау.
Байқауға «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Айбек Дайрабай, Жастар ресурстық орталығы КММ бөлім басшысы Алмат Смайылов, қалалық ішкі саясат бөлімі, жастар ресурстық орталығының маманы Медет Жорабек қазылық етіп, 15 жобаның үздігін анықтады.
«Болашақ» университетінің студенті Нұрдәулет Дайырбектің «IT еріктілік. Цифрлы Қазақстан барлығы үшін!» жобасы бірінші орынға лайық деп танылды. Қызылорда қаласындағы №8 П.Д. Осипенко атындағы орта мектеп оқушысы Аружан Әбдіржан «Онлайн тілдер мектебі» жобасымен екінші орын алса, Жалағаш ауданынан келген байқаудың ең жас қатысушысы, Ш.Ермағамбетов атындағы №264 орта мектеп оқушысы Елдар Мінаж «Сыр балығын қолдан ұрықтандыру» жобасымен үшінші орын иеленіп, жеңімпаздарға бағалы сыйлық табысталды.