Елордада Президенттің қатысуымен өткен Ұлттық кеңес отырысында талқыланған мәселелерге қатысты саясаттанушы, Еуразиялық ынтымақтастық институтының бөлім басшысы Самат Нұртаза пікір білдірді.
«Ұлттық кеңес отырысында митингіге байланысты жеңілдіктер, гуманизация туралы айтылған сөздер қуантты. Енді митингіге шығу құқығы пайда болды. Адамдар жеке пікірін айта алатын мүмкіндік туады. Митинг - әр адамның құқығы болса, Қасым-Жомарт Тоқаев сол құқықты беріп отыр. Мемлекет басшысы халықтың сөзі жерде қалмауы үшін бәрін істеуде» дейді Самат Нұртаза.
Сондай-ақ ол Парламенттік оппозиция туралы да пікірін білдірді.
«Парламенттік оппозиция туралы айтылған мәселеге қуанамын. Шынымен Мәжілісте оппозиция болып, халықтың әртүрлі өкілінің үні естіле бастаса - бұл нағыз демократия мен либерилизацияның белгісі болар еді» дейді ол.
Еске сала кетсек, бұған дейін елордада Президенттің қатысуымен Ұлттық кеңестің екінші отырысы басталғаны туралы жазған болатынбыз.