- Жұмыс берушілердің міндетті 5 пайыздық зейнетақы жарнасын төлеуге қатысты дау-дамай басылар емес. Мұны 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастау көзделген болатын, алайда әлі күнге дейін баршаға ортақ ұстаным жоқ. Сондықтан, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасын енгізу мерзімі 2023 жылға шегерілді. Бұл мәселе Ұлттық кеңес мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық саладағы басқа да көптеген ұсыныстары сияқты Президент Жолдауының аясында қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қоғам
•
20 Желтоқсан, 2019
Мемлекет басшысы: Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасын енгізу мерзімі 2023 жылға шегерілді
211 рет
көрсетілді