Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың қоғамдық-саяси процестерге қатысуға дайын екендігін атап өтті.
«Жастар үшін тек әлеуметтік лифтілерді ғана емес, сонымен қатар қоғамдық-саяси лифтілерді де құруымыз керек», деді Президент Ұлттық қоғамдық кеңестің екінші отырысында.