• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Үкімет 20 Желтоқсан, 2019

Әскери спортшылар шаңғыда бағдарлау бойынша 11 медальға ие болды

367 рет
көрсетілді

Шаңғыда бағдарлау бойынша Қазақстан Республикасының кубогы Алматы облысы Бел-Бұлақ шатқалында аяқталды. Турнир қорытындысы бойынша Армия орталық спорт клубының спортшылары 6 алтын, 3 күміс және 4 қола медальға қол жеткізді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның барлық аумағынан жиналған 90 астам мықты спортшылар бақ сынады. Жарыс  бағдарламасы спринт, орта және алыс қашықтыққа бағындырудан тұрды.

Қарулы Күштердің атынан армиялық спортшы-бағдаршы капитан Денис Власов, лейтенант Эльмира Молдашева, сержант Мария Вламова, ефрейтор Дмитрий Адамович пен ефрейтор Азат Назыров қатысты.

«Армияшылар жақсы өнер мен нәтиже көрсетті. Жергілікті аумақта спорттық  бағдарлау-бұл тек қана шаңғы дайындығынан тұрмайды, сонымен қатар интелектуалды спорт түрі. Арақашықтықты уақыт ында бағындырып қоймай, ең тиімді жолын табу мен бақылау пункттерін алудан тұрады» деді АОСК спортшысы лейтенант Эльмира Молдашева.