• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Желтоқсан, 2019

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты 1424 нөміріне шағымдануға болады

926 рет
көрсетілді

Халықтың құқықтық сауаттылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда алдын алу шараларының тиімділігін арттыру, жасалған фактілерге уақтылы ден қою мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 1424 Call-орталығы тұрақты жұмыс істейді. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады. 

Хабарласқан азаматтардың өтініштері әлеуметтік салаға қатысты, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге мүмкіндік береді.

Тек ағымдағы жылы осындай өтініштер бойынша 56 сотқа дейінгі тергеу басталып, 18-і сотқа жіберілді.

Қылмыстар туралы уақтылы хабарлау, шұғыл шаралар қабылдау олардың жасалуының жолын кесуге және жазадан бұлтартпауға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында № 98 жалпы білім беретін мектептің директоры Найзабекова оқушыны ауыстырғаны үшін 50 мың теңге көлемінде пара алғаны әшкереленәп, нәтижесінде ол мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыра отырып, 1 млн 250 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Осы аймақта ағымдағы жылдың 5 қарашасында Алмалы ауданының № 2 аудандық сотының үкімімен қалалық МСҚБ бас маманы Б. Б. Болатаев 400 мың теңге пара алуға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Шенеунік мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 9 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында Атырау қаласының № 2 сотының үкімімен қалалық ІІБ Әкімшілік полиция бөлімінің аға инспекторы Д. Қалбаев азаматтан әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін 40 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Полиция қызметкеріне 1 млн 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте және арнайы қызметте жұмыс атқару құқығынан өмір бойы айырылып, полиция аға лейтенанты арнайы шенінен айырылды.

Түркістан облысындағы бірқатар қылмыстық істер бойынша, атап өтсек, Жетісай ауданының бір орта мектебінің директорына – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі жұмысқа орналасқаны үшін азаматтан 100 мың теңге пара алды деген күдікке, Сайрам ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманына көпбалалық бойынша жәрдемақы аударғаны үшін пара алуына қатысты тергеулер жалғасуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығы азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге белсенді қатысуға, ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы жедел хабарлауға шақырады. 1424 нөмірі ұялы телефоннан да,  қалалық телефоннан да қолжетімді, қоңырау шалу тегін.