• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Руханият 24 Желтоқсан, 2019

Күлкі керуені № 30

4712 рет
көрсетілді

*Татар әзілдері

Үш саңырау

Шал мен кемпір де, күйеуге шыға алмай көп отырып қалған қызы да саңырау екен. Бір күні шал жолаушы жүрмек болып кемпіріне:

– Менің жаңа етігімді тауып берші, – депті.

Саңырау құлақ оны қайдан естісін, кемпірі оны «дәуде болса бұл шай қайнатып бер» деген шығар деп түсініп қызына:

– Қызым, әкең шөлдепті, самаурын қойшы, – дейді.

Кәрі қыздың басын басқа бір ой мазалап отырса керек, шешесінің айтқанын ол да өзінше түсініп:

– Сізге ұнаған жігіт маған да ұнар. Сіздің бір тілегіңізді орындайын: мен ризамын, сол жігітке тұрмысқа шығайын, – депті.

Кешегіге бүгін жылау

–  Халиолла құлыным, неге жылайсың?

– Басымды есікке соғып алдым.

– Қашан соғып алып едің?

– Кеше кешкісін.

– Е, ендеше, ол үшін бүгін жылауыңа жол болсын?!

– Кеше қалай жылаймын, ол кезде үйде ешкім болған жоқ қой.  

Өсекшінің мұңы

– Жаңа көшіп келген көршілерің қандай адамдар екен? – деп сұрапты бір әйелден.

– Оңбаған адамдар көрінеді!

– Неге, әлде көп сөйлеп мазаңды кетіре ме?

– Керісінше, сыбырласып қана сөйлеседі, бір сөзін де ести алмай қапа боламын.