• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Президент 24 Желтоқсан, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті

123 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, әзербайжан халқының игілігі жолында атқарып жатқан мемлекеттік қызметіне сәттілік тіледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев  Ильхам Әлиевтің екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, Қазақстанның екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін атап айтты.