• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Желтоқсан, 2019

Қостанай өңіріндегі 32 спорт мектебінде 20 мың жасөспірім дайындалады

195 рет
көрсетілді

Бұл жөнінде 2019 жылдың нәтижесі бойынша облыстағы мықты спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттау салтанатында айтылды. Облыста бүгінде спорт пен денешынықтыруға зор мән беріледі. Өңірде тұрғындардың 34 пайызы спорт пен денешынықтыруды жанына серік еткен. Ол үшін облыста мүмкіндігінше түрлі жағдай жасалып жатыр.

«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын жүзеге асыру барысында Қостанай қаласында жаңа мұз айдыны бар спорт сарайының құрылысы жалғасып жатыр. Онда мұз айдынынан өзге 50 метрлік бассейн де орын алады. 2020 жылы шаңғы базасының құрылысы мен бокс мектебін қайта жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Оның сыртында 6 денешынықтыру-сауықтыру кешендері құрылысының жобасы қаралып жатыр» деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов спортшыларды құттықтау сөзінде.

Облыста олимпиадалық дайындық орталығы мен жоғары спорттық шеберлік мектебі жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы құрамаларының қатарында 722 қостанайлық үздік спортшылар ел намысын қорғап жүр.