• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 25 Желтоқсан, 2019

Францияда биатлоннан әлем кубогының үшінші кезеңі аяқталды

111 рет
көрсетілді

Кеше Францияның Анси қаласында биатлоннан Әлем кубогының үшінші кезеңі аяқталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Командалық жарыста бақ сынаған Қазақстан әйелдер құрамасы жалпы есепте 1209 ұпаймен 18-орынға жайғасты. Үш кезең қорытындысы бойынша көш басында Норвегия (2815 ұпай), екінші орында Швеция (2484), үздік үштікті Ресей (2482) биатлоншылары түйіндеп тұр.

Ал Қазақстан ерлер құрамасы бүгінгі бәсекеден кейін 876 ұпай жинап, 22-орынға тұрақтады. Бірінші орында Норвегия (2926 ұпай), екінші Франция (2684), үшінші Ресей мен Германия (2453 ұпай) спортшылары тұр.

Айта кетейік, 2019-2020 жылғы биатлоннан Әлем кубогы 9 кезеңге созылады. Сосын спортшылар Италияның Антхольц-Антерсельва қаласында өтетін Әлем біріншілігіне аттанады. Енді Әлем кубогының 4-кезеңі 2020 жылы 9-12 қаңтар аралығында Германияның Оберхоф қаласында өтеді.