• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Руханият 25 Желтоқсан, 2019

Таразда Асқар Тоқпанов ескерткіші ашылды

772 рет
көрсетілді

Бүгін Жамбыл облысының 80 жылдығы аясында облыстық қазақ драма театрына қазақтың көрнекті тұңғыш режиссері Асқар Тоқпановтың есімі беріліп, театр алдынан тұлға ескерткіші ашылды.

Ескерткішті КСРО Халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есмұхан Обаев, Қазақстан Республикасының халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов салтанатты жағдайда ашып, Асанәлі Әшімов өнердегі ұстазы туралы тебірене естеліктер айтты.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, Асанәлі Әшімов және өзге де азаматтар Асқар Тоқпанов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұдан кейін театрда Асқар Тоқпановтың өмір және өнер жолынан сыр шертетін «Тоқпанов тағылымы» атты кітаптың тұсауы кесілді.