Бүгін Жамбыл облысының 80 жылдығына арналған шаралар Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залының алдында бой көтерген Кенен Әзірбаев ескерткішінің ашылу салтанатымен жалғасты.
Ескерткішті атақты күйші Әбдімомын Желдібаев, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Төле Сүгірбаев және Кенен ақынның ұрпағы Мұрат Кененов салтанатты жағдайда ашты.
Бұдан кейін ескерткішке Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің гүл шоғын министр Ақтоты Райымқұлова мен Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов қойды. Ал зиялы қауым атынан гүл шоқтарын Әбдімомын Желдібаев пен Төле Сүгірбаев қойды. Шара барысында Кенен Әзірбаевтің әндері орындалды.