• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Саясат 26 Желтоқсан, 2019

Сабақтастық сипаты

178 рет
көрсетілді

«Ақ жол» партиясы Президент Қ.Тоқаевтың үстіміздегі жылдың 20 желтоқсанында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында берген тапсырмаларын қолдайды.

Партия төрағасы Азат Пер­уашев мәлімдегендей, Мем­лекет басшысының саяси жүйені реформалау жөнінде айтқан митингілер туралы хабарлау рәсіміне көшу, сая­си партияларды құруды жеңілдету, парламенттік оппозиция институтын біріктіру, бюджеттің жұмсалуына саяси және қоғамдық бақылауды енгізу сынды тапсырмалары қоғамның балама жолмен дамуын білдіреді.

«Ақ жол» партиясы қоғам­ның алдында биліктің ашық­тығы мен есеп беруінің стра­те­­гия­лық бағыты Тұңғыш Пре­зи­дент Нұрсұлтан Назар­баев қабылдаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында бекі­тіл­генін атап өту маңызды деп санайды.

Президент Қ.Тоқаев мем­­лекеттің кемелдігі мен батыл­­дығын қажет ететін осы векторды кеңінен іске асы­руды бастады. Өткен пре­зиденттік сайлауда саяси бәсекелестіктің күшейе түс­­­кенін айқын көрсетті. Осы­­лайша елде жүр­гі­зі­ліп жат­қан мемлекеттік демо­­­кра­тияландыру сая­саты­­ның сабақтастығы мен про­­грессив­ті сипаты кө­р­сетілді.

«Ақ жол» партиясы ұсы­ныл­ған демократиялық бас­тамаларды іс жүзінде жүзеге асыру бойынша Парламентке нақты ұсыныстарын беруге дайындалып жатыр.

«Ақ жол» партиясы Прези­дент Қ.Тоқаевқа Қазақ­стан Рес­публикасының саяси жү­йесін ырықтан­дырудағы бас­тамалары үшін алғыс айтып, хат жолдады.