• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Желтоқсан, 2019

Ұшақ апаты: Бақытжан Сағынтаев оқиға орнына барды

418 рет
көрсетілді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ұшақ апаты болған жерге барды. Бұл туралы әкімнің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов Instagram парақшасында жазды.

«Бэк Эйр» әуе компаниясына тиесілі «Фоккер-100» ұшағының құлаған жеріне қала әкімі Бақытжан Сағынтаев барды. Қала басшысы іздестіру құтқару жұмыстарын бақылады. Одан шығып Алматы әуежайының терминалын аралап шықты. Содан кейін №4 аурухана мен Шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасына, Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына барып, зардап шеккен адамдардың халын білді. Қала басшысы қаза болғандардың отбасына қайғысына ортақтасып көңіл айтты» деді Әсет Мұқажанов.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша «Бек Эйр» әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетонды қоршауды сындырғанын хабарлаған болатынбыз.

Екі қабаттық ғимарат үймен қақтығыс болды. Дереу құтқару жұмыстары басталды, өрт болған жоқ. Жолаушыларды және әуе кемесінің экипажын эвакуациялау жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта қаза болғандардың саны 7 адамды құрайды.

Алматыда құлаған ұшақ ісі бойынша Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары бастаған Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Комиссия оқиға орнына ұшып шығады.

Оқиғаның егжей-тегжейлі жағдайлары мен себептері анықталады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.