Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Алматы облысының Талғар ауданында жолаушылар ұшағының апат болуы салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты 2019 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялансын», делінген хабарламада.