• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Парламент 27 Желтоқсан, 2019

Парламент Сенатының отырысында депутаттық сауалдар тыңдалды

290 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысында сенаторлардың депутаттық сауалдары тыңдалды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Дәурен Әділбеков бюджет және кәсіпкерлік заңнамасының мәселелері бойынша Премьер-министрдің атына, сондай-ақ соттың әрекетке қабілетсіз және қамқорлыққа мұқтаж деп таныған адамдары мен қамқорлықтағы адамдардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұтымды пайдалану мәселелері бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау министріне – екі депутаттық сауал жолдады.

Сенатор Сергей Ершовтың Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында білім беруді цифрландыру және «Күнделік», «Білімал» ақпараттық жүйелерін, «Bilimland.kz» білім беру контентін алуға арналған онлайн тұғырнамаларын енгізу мәселелері қозғалды. Сенатор білім беру ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуіне әсер ететін жылдамдықтың төмендігі, байланыстың сапасыздығы, мектептерде инфрақұрылымның болмауы сияқты бірқатар мәселелерді атап өтті. Осының бәрі педагогтар мен ата-аналар арасында шиеленіс туғызады. «Барлық мектептерді, соның ішінде ауылдық мектептерді кеңжолақты интернет желісімен қамту қашанға жоспарлануда? Мектептерді қосу жоспары бар ма?» деді депутат премьер-министрге.

Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина өз сауалында орта білім беруді жаңғырту мәселелерін көтерді. Сенатор екі жыл бұрын Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстандағы орта білім беруді жаңғырту жобасына 75 млн. доллар сомасына қарыз туралы келісім ратификацияланғанын еске салды. Алайда, оны іске асыру жөнінде Білім және ғылым министрлігінің жүргізген жұмыстары туралы есебі осы күнге дейін жоқ болып отыр. «Тиісінше, бұл жобаның ендігі жерде маңызы жоқ сияқты әсер қалдырады немесе министрлік осы жоба бойынша жұмысты ұйымдастыра алмайды», деп атап өтті сенатор.

Сенатор Нариман Төреғалиев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы жатақхана мен дәрігерлік орталықтың құрылысы барысындағы шарттың бұзылуына Бас прокурордың назарын аударды. Ол «Время» газетіндегі «Проектно-сметная мистификация» мақалада жарияланған деректерді келтіріп, еліміздің ең ірі жоғары оқу орны жеті жыл бұрын жобаларды әзірлегені үшін 6 миллион доллар төлегенін, бірақ әлі күнге дейін құрылыстың салынбағаны жазылғанын жеткізді.