• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Желтоқсан, 2019

Ұшақ апатының себебі 10 қаңтарға дейін жария етіледі

403 рет
көрсетілді

2020 жылдың 10 қаңтарына дейін Алматы түбіндегі ұшақ апатының себебі жария етіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев айтты.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 10 қаңтарға дейінгі мерзімде үкіметтік комиссия әуе апатының алдын ала себептерін жария ететін болады. Сонымен қатар осыған дейін айтып өткенімдей, бүгін Мемлекетаралық авиация комитетінің сарапшысы келеді. Экипажға қатысты айтар болсам, ұшулар туралы ережеге сәйкес, әуе кемесі ұшу алдында олар медициналық тексеруден өтеді. Олар медициналық тексеруден Алматы қаласы әуежайының медициналық пунктінен өткен»,- деді Берік Камалиев.

Апатқа ұшыраған «Fokker-100» ұшағы соңғы рейсін 25 желтоқсан күні Атырау-Алматы бағытында орындаған екен.