Президенті ұшақ апаты кезінде ауызбіршілік танытқан жұртқа алғыс айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасына жазды.
«Қиын сәтте құтқарушыларға көмек қолын созған Алматы облысы Гүлдала ауылының тұрғындарына алғыс айтамын. Олар тамақ дайындап, ыстық шай таратты. Алматылық донорларға көп рақмет. Халқымыз тағы да қиын сәтте ауызбіршілігін, әрқашан жәрдем беруге әзір тұратындарын көрсетті» деп жазды Қазақстан Президенті.