Алматыда «Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауынан қаза тапқан Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Қайдаровпен қоштасу рәсімі өтті.
Рүстем Қайдаров 1940 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Құқық қорғау органдарындағы қызметін ол 60-жылдары бастаған және көп ұзамай Қазақ және Қырғыз КСР қылмыс әлемінің үрейіне айналған. Оған Қазақ КСР ІІМ-нің үздік тергеушісі атағы берілген. Әріптестері Қайдаровты өте бірбеткей, сатылмайтын қызметкер ретінде еске алады.
Айта кетейік, Апатқа ұшыраған «Fokker-100» жолаушылар ұшағында қаза болған талдықорғандық Бауыржан Қалиевті ақтық сапарға шығарып салғанын хабарлаған болатынбыз.