Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Азамат Байқуанышұлы Батырқожа Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Азамат Батырқожа 1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ф. Дзержинский атындағы әскери академияны және «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1995 жылы бастаған. Түрлі жылдары корпоративтік секторда, Көлік және коммуникациялар министрлігінде, Ұлттық банкте, «Қазақтелеком» АҚ-да, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-де, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, Премьер-Министрдің Кеңсесінде Білім және ғылым министрлігінде, «Самұрық-Қазына» тұрақты даму қорында жұмыс істеген.
2015-2017 жылдары —ИДМ Технологиялық және инновациялық даму департаментінің директоры.
2018-2019 жылдары — «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті.
2019 жылдың ақпан айынан бастап желтоқсанға дейін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.