Атлантикадан және Жерорта теңізінен ығысатын атмосфералық фронттардың әсерінен қар жауып, боран соғады. Батыстан екпінді жел тұрады.
Сонымен қатар республикамыздың оңтүстік облыстарында көктайғақ болады, дегенмен ауа температурасы төмендемейді.
Жаңа жыл түнінде солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасы жоғарылап, күндіз көптеген аймақтарда 0 -8 градус аяз күтіледі. Оңтүстікте 0-10 градус жылы болады.