Ақтау қаласындағы әскери қалашықта 96 пәтерден тұратын 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Әскери қызметшілерге кілттер салтанатты түрде табыс етілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тұрғын үйлер әскери қалашықтарды дамыту бағдарламасы аясында тез салынатын үйлердің жеке жобасы бойынша салынған. Пәтерлер толығымен жабдықталған және тұруға дайын. Атап айтқанда әдемі әрлеу, санитарлық техника құрылып, қажетті жиһаз бен тұрмыстық техникада бар. Тұрғын үйге қарасты аумақта абаттандырылған. Аймақ бойынша жарық орнатылып, асфальт төселіп, аулада спорттық алаң, балаларға арналған ойын алаңқайлары мен орындықтар құрылған.
Әскери қызметшілердің әскери қалашыққа көшуі бөлімшелердің жұмылдыру және жауынгерлік даярлықтарына оң септігін тигізеді. Атап айтқанда, тұрақты жауынгерлік даярлық бөлімшелеріне жататындар теңіз жаяу әскерлері мен әуе қорғанысына қарсы күштер.
Одан басқа, қызметтік пәтерді алған әскери қызметшілер ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің 50% көлемдегі мөлшерін алуды жалғастырып, жинақтарын толықтыра алады. Әскери қызметшілердің балалары үшін мектепке апарып, әкелу мен бала бақша болады.
Қазіргі кезде Қазақстан Қарулы Күштерінде қызметтік тұрғын үй қорының құрылысы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Тұрғын үйді жалға алу мүмкіндігі шектеулі алыстағы гарнизондарда құрылыс жүргізуде басымдылық беріледі.
Қызметтік тұрғын үй әскери қызметшіні және оның отбасын қызмет өткеру орны бойынша жайлы тұру жағдайларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.