• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Хоккей 30 Желтоқсан, 2019

Шайбалы хоккей: Қатарынан үшінші рет ұтылдық

442 рет
көрсетілді

Чехияда шайбалы хоккейден жастар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші рет жеңіліс тапты.

Бұған дейін Швейцария мен Словакияға есе жіберген жерлестеріміз іле-шала Финляндиядан ұтылды. Бұл кездесуде Суоми елінің өкілдері қазақстандықтардың қақпасына жеті гол соқса, біздің жігіттер нысананы бір мәрте ғана дәл көздей алды. Есеп – 7:1. Енді отандастарымыз Швеция хоккейшілерімен шеберлік байқасады.

Ал «В» тобындағы бәсекелер АҚШ, Ресей, Канада, Чехия және Германия командалары арасында өтуде. Ширек финалға жолдама алған құрамалар жарысты жаңа жылдан кейін жалғастырса, жүлдегерлер мен жеңімпаздар 5 қаңтарда анықталады.

Соңғы жаңалықтар