Елордада осы аптада көрмелер, театрландырылған қойылымдар, балаларға арналған жаңа жылдық ертегілер, хоккей ойындары мен өзге де мәдени-спорттық шаралар өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Міне, екінші ай қатарынан Қазақстанның бас қаласында Тәуелсіздік сарайының төрінде Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Кәміл Муллашевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды. Ол 10 қаңтарға дейін жалғасатын болады. Сондай-ақ сол жерде 13 желтоқсан мен 13 қаңтар аралығында елорда тұрғындары мен қонақтары «Дала өрнектері» көрмесін тамашалай алады.
30 желтоқсанда «Жастар» сарайының шығармашылық ұжымы балаларды жаңажылдық ертеңгілікке шақырады.
Сондай-ақ 2-5 қаңтар аралығында Қуыршақ театрында «Малефисентаның мұзды жүрегі» спектаклі көрсетіледі, ал 3 және 4 қаңтар күндері балақайлар М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры мен Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында өтетін ертеңгіліктерге қатыса алады.
Жаңажыл қарсаңында, атап айтсақ 30, 31 желтоқсанда «Astana Ballet» театры «Шақылдақ» ертегісін көрермен назарына ұсынады.
Ал спортсүйер қауым 30 желтоқсан күні сағат 19:30-да «Барыс Арена» стадионында өтетін «Барыс» және «Куньлунь РС» командалары арасында шайбалы хоккейден жарысты тамашалай алады.
31 желтоқсан күні «Астана Опера» театрында «Romantique» концерті өтеді. Ал 2, 4 қаңтарда Астаналық цирк ,Жаңа жылдық Афроцирк» бағдарламасын ұсынады.
3 қаңтарда «Қазақстан» ОКЗ-да «Түрік хоры» арт-тобының концерті өтеді. Сол күннің ертесіне «Астана» концерт залында «Walt Disney-мен жаңа жылдық саяхат» үрмелі оркестрінің концерті көрерменге жол тартады.
Сондай-ақ «Феерия» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының IX халықаралық көпжанрлық байқау-фестивалі 5 қаңтарда «Жастар»сарайында басталатындығын хабарлаймыз.
Одан бөлек, 5 қаңтарда елордалық баскетбол командасы «Енисей» баскетбол командасын «Сарыарқа» велотрегінде қабылдайды. Сонымен қатар тұрғындардың ыңғайы үшін қаланың барлық аудандарында мұз қалашықтары мен төбешіктер орнатылған.
«Байқоңыр» ауданы аумағындағы мұз қалашықтары мен төбешіктер «Жастар» сарайы, «Ататүрік» саябағының жанында, «Өндіріс» және «Кирпичный» тұрғын алаптарында орнатылды.
Есіл ауданында жаппай сырғанау мен ойындарға арналған орындар ЭКСПО, Ботаникалық бақ, «Хан Шатыр» СОСО, «Керуен» СОСО, «Жетісу» саябағы, «Жағалау» шағын ауданы, Жасыл орамда, «Пригородный» мен «Үркер» тұрғын алаптары аумағында бар.
Ал Сарыарқа ауданында мұз төбешіктері Есіл өзені маңында, сондай-ақ «Астана» СК, Қосшығұлұлы көшесі 17 мекен-жайында, «Тамыз» ТК, «НАЗ» театры, Герцен және Оқжетпес көшелерінің қиылысында, Гете 10 және №187 көшесінің бойында орнатылды.
Алматы ауданында астаналықтар «Қазақ Елі» монументі алдындағы алаңда, «Жерұйық» саябағында, Ақбұлақ өзенінің жағалауында, «Жастар» саябағында, Оқушылар сарайының жанында, Президенттік саябақта, «Ренессанс» мейрамханасының жанында, Триатлон саябағында, «Сарайшық» шағын ауданында, «Железнодорожный», «Интернациональный» және «Мичурино» тұрғын алаптарында мұз айдындары мен төбешіктерде уақытты көңілді әрі белсенді өткізе алады» делінген хабарламада.