• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Президент 30 Желтоқсан, 2019

Мемлекет басшысы бірқатар Заңға қол қойды

336 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң Мемлекет басшысының зорлау, браконьерлік, мал ұрлығы, есірткі тарату, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторлардың, қорықшылық қызметінің өміріне қол сұғушылықтар, мас күйінде көлік құралдарын жүргізу, сондай-ақ бірқатар өзге де ауыр құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту туралы тапсырмаларын іске асыруға бағытталған.

Сонымен қатар Заңда бала асырап алуға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдардың жұмыс істеуі үшін құқықтық жағдайлар жасауға, шетелдіктерді міндетті тіркеудің күшін жоюға, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын оларды қолдану практикасы мониторингінің қорытындысы бойынша одан ары жетілдіруге бағытталған нормалар көзделген.       

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.