• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Руханият 01 Қаңтар, 2020

Тышқан жылындағы қайдағы мен жайдағы

365 рет
көрсетілді

Жаңа жылда қала орталығынан «Бәрі балалар үшін» атты әмбебап дүкен ашылды. Гүлдердің неше түрі, аққайнар дейсің бе, коньяк дәмі бар кәмпиттер, француз эротикасын қамтыған видеокассеталар сияқтылар осында сықасып, толып тұр.

* * *

«Қымбатты тігін фабрикасының директоры! Өзіңізге жылдың соңғы күні сіздердің дүкеннен сатып алған сырт киім үшін алғысымды білдірсем деймін. Киімді алғаш жауын жауған күні киіп шыға қойып едім, сырт түрі мүлдем өзгеріп әрі мыж-тыжы шыға келді. Алғыс айтатын себебім, әйелім жұмыс қарастыр деп күнде мазамды ала беруші еді, енді: «Мына киіммен мені мазаққа қалдырма», деп үйден шығармайтын болды».

* * *

«Бізге ғажап сауналарыңыз, салқын сыра мен онда мың бұрала билеген жар-тылай жалаңаш қыз-қырқындарыңыз өте ұнап, көпке дейін аузымыздың суын құрғатып әңгімелеп жүрдік.

Біз қиыр шеттегі өлкелік музейден мұндайды күтпеп едік...»

* * *

Көпшілік көлік шопырының ескертпесі:

«Отырғандар да, түрегеп тұрғандар да қос қолдарыңызбен орындық жақтауынан ұстап, мығым болыңдар, өйткені бұған дейін қарағай тасыған едім... Және көлік кондукторсыз, мен қайырмасыз қызмет етемін».