• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қаңтар, 2020

Динар Нөкетаева жұмыс бабындағы сапармен Алматы облысында болды

306 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Динар Нөкетаева Алматы облысында жұмыс бабындағы сапарда болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенатор сапар аясында Алматы облысындағы Жамбыл ауданының Мәтібұлақ ауылдық округіндегі Таңбалытас ауылында болды.

Д.Нөкетаева «Таңбалытас ауылындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде болып, мектеп мұғалімдерімен кездесті. Қазіргі кезде 360 орынды мектепте 346 оқушы оқып, 45 мұғалім дәріс береді. 2019 жылы бюджеттен 206 млн. теңгеге жуық қаражат бөлініп, мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Сенатор кездесу барысында «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заң туралы жан-жақты айтып берді.

Депутат сондай-ақ көптарапты «Жартас» өндіріс кешенінің жұмысымен танысты. Кешен қазіргі уақытта 142 адам жұмыс істейтін «Zhambуl keramzit company» және 112 адамды жұмыспен қамтыған «Жартас СН» серіктестіктерінен тұрады. Олар керамзит, минералды ұнтақ, қиыршық тас өндірумен айналысады.

Динар Нөкетаева ауылдағы бірнеше шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесіп, мал шаруашылығының дамуы және жайылым жерлерді пайдалану мәселелерімен танысты.