• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Руханият 07 Қаңтар, 2020

Мәмен кесенесі: күй тарихымен үндестік

1369 рет
көрсетілді

Құрманғазының алдын көрген шәкірттерінің ішінде шоқтығы биік тұлғалардың бірі – Мәмен Мұратұлы. 1868 жылы Орал облысына қарасты Жаңақала ауданы, Қарасамыр мекенінде дүниеге келген.

Жаңақала өлкесі күй­ші­лік­тің ұлы мектебі тамыр жай­ған, дом­бырашылықты өнер­дің шыңы деп бағалаған жұрт екендігі бар­шамызға аян. Мә­мен өз қатар­ластарымен өнер додасына тү­суге тар­тынбаған.Оған дәлел, күй анасы Дина Нұр­пейісова мен Мәмен ара­сындағы күй тартысы ел аузынан аңыз болып жеткен. Мә­меннің күйлерін бүгінге дейін жеткізген күйшілеріміз Оқап Қабиғожин мен Қали Жан­тілеуов, Тұяқберді Шәме­ловтің есімдерін атап өтуіміз қажет.

Мәменді күйші ретінде да­ралап тұратын қасиет – оның күйлеріндегі түр мен маз­­мұн­ның тұтастығы. Әуен – сазы мен бітім құрылысы бай­ла­­­­ныс­­қан, дыбыстың иірімі тың­­даушыны елітетін күйлері тарихта қалған. «Ақшолпан», «Қай­­ғылы қара», «Қаражан ха­­­ным» күйлері күйшінің іш­кі сезім­дерін білдірсе, «Он ал­тын­шы жыл», «Дүрбелең» күй­­лері елдің басындағы тарихи-әлеуметтік жағдайды сурет­тейді.

Шілденің 22-жұлдызында жол үстінде келе жатып, өл­кеміздің батагөй ақсақалы Ақ­мырза Батырхайырұлының аузынан Мәменнің «Қайғылы қара» атты күйінің шығу тари­хын тыңдадым. Ақмырза ақ­сақал өз әңгімесінде: «Мәмен аң­шы­лықты жаны сүйген. Бір күні аңшылыққа шығып, сонау төбеден қара белгіні көріп, құс екен деп топшылайды. Мыл­ты­ғын қолына алып, атып салады. Жақындап қараса, көз­деген құсы жалғыз ұлы Кәрім болып шығады. Бұл оқи­ғадан соң Мәмен «Қайғылы қа­ра» деген күй шығарған», деп айтқан еді.

Ақмырза ақсақалдың аузы­нан күй тарихын естіген соң, Мәмен күйшінің мәңгілік ме­ке­ніне зиярат ету ойымда жүр­ген еді. Тамыз айының 19-жұл­дызында Жәңгір хан ба­­бамыздың басына ба­рып, күре жолдың бойы­мен келе жа­тқан сәтте Жаңақала ме­ке­нінен Мәмен күйшінің кесенесі көрінді. Мәмен күй­шінің кесе­несінің ашылуына кезінде зама­нымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбайұлы қатысқан. Мәмен күйшінің кесенесіне қадам басқан сәтте алтын зер­лі жа­зумен көмкерілген құл­пы­тас тұрды. Құлпытаста: «Қа­рақұнан Тана, Мәмен Мұ­ратұлы (1868-1931)» деп жа­зылған. Көптеген ғылы­ми-зерт­теу еңбегінде күй­шінің тегі «Ералыұлы», «Ерға­ли­ұлы» деп жазылып жүргені бар­шамызға белгілі. Бүгінгі таңда еңбектерді бір жүйеге келтіріп, күйшінің тегі дұрыс жазылса деген ұсыныс бар. Сонымен қатар өмір сүрген жыл­дарында қа­теліктер бар екендігін аң­ғарамыз.

Мәмен күйшінің жанында халық әртісі Тұяқберді Шәме­лов (1951 – 2012) жерленген. Тұяқ­берді ағамыздың соңғы ама­наты – Мәмен күйшінің жа­нына жерлену болған екен. Мә­мен күйлерін насихаттауда Тұяқ­берді Шәмеловтің еңбегі орасан зор.

Иә, Жаңақалаға қадам ба­сар сәтте қазақтың қос пер­зенті Мә­мен мен Тұяқберді кесе­несі тари­хымыздың қос қа­­натындай үндестікті біл­дір­ді. Бір күйдің тарихы Мә­мен әлемімен танысуға жол аш­ты. Еліміздің жастары ұлт тарихын ұлықтауға, ұлы тұл­­ға­ларымызды дәріптеуге жұмылса деген тілегім бар.

 

ӘДІЛБЕК ӨМІРЗАҚОВ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

 

АТЫРАУ