• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қаңтар, 2020

Павлодарда пилоттық режимде туристтік автобус жұмысын бастады

215 рет
көрсетілді

Қазіргі уақытта автобустың жүретін бағыты қалыптасу үстінде. Бүгінгі таңда, автобустың тоқтайтын 7 негізгі нүктесі бекітілді, соның ішінде мұражайлар, Благовещенский соборы, М. Ж. Көпеев атындағы орталық мешіті. Жоба пилоттық негізде жүріп жатқандықтан, кез келген адам Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөліміне хабарласып, қаланың қызықты орындарын ұсына алады. Бұл туралы Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Сонымен қатар осы жоба аясында С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың туризм кафедрасының студенттері үшін арнайы мүмкіндік бар. Олар өздерінің кәсіби дағдыларын кеңейту мақсатында, туристік автобустың гидтері ретінде өздерін көрсетіп, өндірістік тәжірибеден өте алады.

Қала әкімінің орынбасары Арыстан Кенжалиновтың айтуынша, арнайы автобустың қызметі қала қонағы және қала туралы қызықты ақпарат білгісі келетін қала тұрғыны үшін ортақ.

Автобус тұрақты түрде жүретін болады. 15 қаңтарға дейін автобусқа кіру құны тегін. Күн сайын сағат 12.00-де Естай атындағы мәдениет сарайынан жүреді. Экскурсияға қатысатын топты жинау алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылады» делінген хабарламада.