• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Тағайындау 14 Қаңтар, 2020

Алмабек Марс АШМ комитет төрағасы болып тағайындалды

326 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың 2020 жылғы 13 қаңтардағы бұйрығымен Алмабек Марс Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Марс Алмабек Марсұлы 1976 жылы 11 тамызда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Батыс Қазақстан аграрлық университетін, Еуразия академиясын тәмамдаған. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы. 1997 - 2000 жылдары - «Нар» АҚ-ның Вице-президенті қызметін атқарған. 2000 - 2001 жылдары -  АШМ Батыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының жетекші маманы. 2001 - 2003 жылдары - АШМ Батыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасы, өсімдіктер карантині жөніндегі бөлімінің бас маманы. 2003 - 2007 жылдары - АШМ Батыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасы, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекциясында жұмыс істеген. Бөлім бастығы болып қызмет атқарған. 2007 - 2010 жылдары - АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы өсімдіктер карантині жөніндегі және шекара бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бастығы. 2010 - 2011 жылдары - АШМ АӨК МИК Фитосанитариялық қауіпсіздік, мемлекеттік техникалық инспекция және егіншіліктегі мемлекеттік инспекциясы басқармасының басшысы. 2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары болған.