15-20 маусым аралығында Францияның Ницца қаласында Грек-рим күресінен Гран-при турнирі өтеді. Қазақстан командасының бас бапкері Бақтияр Байсейітов жарысқа қатысатын балуандар есімін атады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Ницца бозкілемінде Қазақстан атынан төмендегі балуандар белдеседі:
55 келі: Аманғали Бекболатов, Жансерік Сәрсенбиев;
60 келі: Дастан Зарлыханов, Ернар Фидахметов;
63 келі: Ернұр Фидахметов, Мейрамбек Айнағұлов;
67 келі: Мейіржан Шермаханбет, Данияр Қаленов, Алмат Кебіспаев;
72 келі: Қаһарман Қисметов;
77 кели: Демеу Жадыраев, Асхат Ділмұхамедов, Асхат Жаңбыров, Диас Қален;
82 келі: Мирас Баршылықов;
87 келі: Ерсайын Сайфуллин;
97 келі: Әлімхан Сыздықов, Ерұлан Ысқақов;
130 келі: Нұрмахан Тінәлиев.