• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 17 Қаңтар, 2020

Семейде студенттер «Алтын Орда» фильмін тамашалады

211 рет
көрсетілді

Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Көп салалы колледж студенттерінің қатысуымен Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толуына орай «Ұлыс ұлықтаған Алтын Орда» атты бейнекруиз өткізілді. Колледж студенттерімен кездесуге келген шара қонағы профессор, Шәкәрім университетіндегі тарих пәнінің оқытушысы Амантай Исин өз сөзінде Алтын Орданың ұлылығы және оның қазақ мемлекеттігінің қалыптасу тарихындағы маңызы туралы айтып берді.

Студенттер Қазақстан аумағында Алтын Ордамен байланысты көптеген жазба деректер мен мәдени ескерткіштердің бар екендігінен хабардар болды. 

Профессор Амантай Исинмен кездесу барысында студенттер «Алтын Орда» бейнефильмін тамашалау арқылы бейнекруиз жасап, онда Алтын Орданың құрылуы мен негізі, астанасы мен қалалары, билеушілері мен хандары туралы көптеген дерекке қанықты. Сондай-ақ студенттер Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ақпаратынша, Қазақстан аумағында Алтын Ордамен байланысты көптеген жазба деректер мен мәдени ескерткіштердің бар екендігінен хабардар болды. Бейнефильмді тамашалағаннан кейін қатысушылар шара қонағымен бірге Алтын Орда кезеңінің Қазақстан тарихындағы маңызы, Алтын Орданың негізін қалаушы Жошы ханның тарихи рөлі туралы ойларымен бөлісті.

Шара басында кітапхана қызметкерлері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында негізгі міндеттердің бірі тарихтың біртұтас түсінігін қалыптастыру екенін атап өтті. 

 

СЕМЕЙ