• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Қаңтар, 2020

Елордада қар шығаруға арналған 4 полигон жұмыс істейді

194 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының әр ауданының өзіне тиесілі 4 қар полигоны бар. Бұл полигондарға ірі мекемелер, құрылыс дүкендері, ойын-сауық орталықтары, жеке меншік мекемелер қар шығара алады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде қаладағы екі полигон қарға толып, орнына басқа екі полигон ашылды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда осы жылы 46,2%-ға қар көп шығарылғанын айта кеткен жөн.

Жалпы осы уақытқа дейін 1 917 830 текше метр қар қала сыртына төгілді (159 819 рейс). Елорданың коммуналдық мекемелері қар шығару жұмыстарын 3 ауысымда күшейтілген режимде атқарып жатыр.