• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Қаңтар, 2020

Бірнеше облыста көктайғақ салдарынан ескерту жарияланды

154 рет
көрсетілді

Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК өкілдері хабарлады.

22-23 қаңтар аралығында Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды. Өңірлерде қар жауып, боран соғады, кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Жел 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.