• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қаңтар, 2020

Азаматтарға арналған үкімет «Қалтадағы ХҚО» қағидасын қолданады

204 рет
көрсетілді

Бүгін Алматыда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының цифрландыру бағытындағы жұмыстары мен 2019 жыл қорытындысы» тақырыбында баспасөз брифингі өтті.

2019 жыл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматыдағы филиалы үшін жемісті болды.

Брифингке «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қалалық филиалының директоры Данияр Қырықбаев, Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, меценат, Алматыдағы №6 мамандандырылғын ХҚО-ны халық игілігіне ұсынушы Жақсылық Үшкемпіров, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қалалық филиалының жетекшілері Айнұр Ұйқаспаева, Фарида Бокижанова, Жарқын Өтегенов пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығының директоры Сайран Баяндинова қатысты.

–Цифрлық қызметтерді насихаттаудағы жұмысымызды қала тұрғындары да қолдап отыр. Үлкен компаниялар, ұйымдар мен мекемелер, ЖОО, колледждер басшылары, танымал тұлғалар бізден цифрлық қызметтерді өздері үйреніп, әрі қарай өзгелерге үйретуді жалғастыруда. Еліміздің  цифрлану деңгейі қанша мобильдік қосымшалардың бар-жоғына немесе қанша қызмет электрондық форматқа көшірілгеніне ғана емес, сондай-ақ қазақстандықтардың қаншалықты цифрлық сауатты болғанына да байланысты. Сондықтан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қалалық филиалы өз қызметін тұрғындардың цифрлық дағдыларын арттыру жұмыстарымен байланыстыра жүргізуде. Бұл бағытта 2019 жылдың 12 айында 1,5 миллионнан аса адамды қамтыған 800-ге жуық шаралар ұйымдастырылды, дейді филиал директоры Данияр Қырықбаев.

Филиалдың әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ден бастау алған «Цифрлан, трендте бол!» акциясы арқылы, Алматы қаласының мекемелері мен ұйымдарында, сауда орталықтарында, ЖОО-лар мен колледждерде, мектептерде 342 ақпараттық-түсіндіру шаралары, 284 лекция, 56 семинар өткізілді, 10-ға жуық мекемелер мен оқу орындарында цифрлық қызмет алу бұрыштары ашылды.

ХҚО мамандары қызмет алушылардың телефондарына telegram және Mgov қосымшаларын орнатуға көмектеседі, түрлі анықтамалар мен қызметтерді алу тәртібін түсіндіреді. Қазіргі уақытта телеграм-бот (@EgovKzBot) арқылы мемлекеттік қызметтің 25 түрі, mGov.kz мобильді қосымшасы арқылы білім беру, отбасы, жылжымайтын мүлік, денсаулық сақтау және т. б. салаларында 90-ға жуық мемлекеттік қызмет қолжетімді.

2019 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматыдағы филиалы көрсеткен 3 992 218 қызметтің 1 281 597-і электрондық форматта болды. «Connectionpoint» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 2 999 808 қызмет алынып, 2 851 437 консультация берілді. Осылайша, өткен жылмен (1588502қызмет) салыстырғанда өз бетінше қызмет алатындар саны 88,9% - ға артты.

Қазіргі уақытта тізілімде бар 723 мемлекеттік қызметтің 580-і электрондық форматта қолжетімді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 648 мемлекеттік қызмет қолжетімді десек, оның ішінде филиалдың майдан-кеңселері мен бэк-офистерінің көрсетіп отырған қызметтерін айта аламыз.

Алматы қаласындағы Мамандандырылған ХҚО-лар өткен жылы 799 819 (КҚТ -665 262, ЖК -106 060) қызмет көрсетсе, Миграциялық ХҚО бөлімі 173 583 қызмет көрсетті. Оның 113 021-і уақытша, 60 562-і еңбек шарты бойынша тіркелген шетелдіктер болды. Орталықтың жұмыс тәжірибесі ТМД елдеріне үлгі болуда.

Сонымен қатар өткен жылы әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу бағыты бойынша 250 052, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу бойынша - 486 469, жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу желісі бойынша 38 799, жер кадастры желісі бойынша 22 286 қызмет көрсетілгенін атап өткеніміз жөн.

Қазір Азаматтарға арналған үкімет «Қалтадағы ХҚО» қағидаты бойынша әрекет етеді. Ең бастысы, мемлекеттік қызметтерді жылдам алуға көмектеседі.