Өскемен-Алтай тас жолының 64-шақырымында қар көшкіні жүрді. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Алтай-Өскемен тас жолының 64-ші шақырымында қар көшкіні жүрген.
Салдарынан ол жердегі жол бөлігін жартылай қар басып қалды. Мамандардың айтуынша, жалпы 350 текше метр қар түскен. Қазір жол мекемесінің жұмысшылары мен арнайы техника жұмылдырылып, қардан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кету керек, құтқарушылар бұған дейін өңірде қар көшкіні қаупі жоғары екендігін ескертіп, тұрғындарды сақ болуға шақырған.Сондай-ақ 23 қантарда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Өскемен қаласында 23 қантарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Семейде 23 қантарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.