Моңғолиялықтар автомобиль өндіру нарығын өз қолдарына алуды көздеп отыр. Атап айтсақ, «Барс моторс» компаниясы өз инвестицияларымен ҚХР Ханчжоу қаласында автокөлік құрастыратын біріккен зауыт ашып, алғашқы өнімдерін шығара бастады. Автомобиль «Монголын Зон Олон» /МОЗО/ немесе «Моңғол жұртшылығы» атпен кешікпей моңғол халқының тұрмыстық қажеттілігіне ұсынылатын болады.
Соңғы ақпараттарға қарағанда, көліктер Моңғолияға жеткізілген, келер 2 ақпанда көрме ретінде көпшілікке көрсетіледі деп күтілуде. Компания тарапынан, сол күні ашық есік күндігін жариялап, алдын-ала тапсырыс алуды жоспарлап отыр.
Қазіргі таңда МОЗО-ың Моңоғлияның қатал климаты мен моңғол жұртшылығының қолданысына сәйкес келуі, сапасы мен сыртқы бейнесінің тартымдылығы, жанармай жұмсауы мен бөлшектердің сапасына сынақ жүргізілуде.
Егер сынақ сәтті болса, автомобиль сатылымға шығады. Алғашқы автомобиль орташа өлшемді, жол талғамайды, бағасы монғолдардың өмір сүру жағдайлары мен қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты қол жетімді болады, деп хабарлады Барс Моторс компаниясының өкілдері.
Моңғол халқы автокөлік сатып алуға жылына 500-800 миллион доллар жұмсайды деген болжам бар. Ақша, әдеттегідей Жапония, Корея және АҚШ-ның қазанына құйылады. Сондықтан автокөлік сатып алуға жұмсалатын жоғарыдағы ақша ағымын сақтау, күн тәртібіндегі маңызды мәселе болып отыр.
«Барс Моторс» ЖШС өзінің бірлескен кәсіпорныны жылына 25000 автомобиль шығаратын мүмкіндікке ие. Келесі жылы 100% электрмен жұмыс істейтін автомобильдер шығармақ. Сонымен қатар, «Барс Моторс» Моңғолияда автомобиль шығаратын зауыт ашу үшін зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Компания директоры Д.Дэмбэрэл «Зауыт құру үшін өте жақсы механик-инженерлер немесе білікті кадрлер, заманауи құралдар, автокөлік бөлшектері мен технология басты маңызға ие болады. ҚХР-да әлемдігі барлық технологиялар шоғырланған. Сондықтан біз, бұл жерде инновацияға қол жеткізуміз керек. Осылай жасау арқылы кем дегенде 200 млн доллорды елімізде қалтыра аламыз» деген түсініктеме берді.
Қуат УАТХАН, журналист
Моңғолия, Бай-өлке аймағы